Абай Құнанбайұлының мерейтойы Жамбыл жастарына шабыт сыйлады

2714
Adyrna.kz Telegram
Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай "Ғылым таппай мақтанба" дельфийлік ойындары мен «Мәңгілік елдің тұлғалары» атты эссе жазу интернет-байқауының марапаттау рәсімін өткізді. Шараға Жамбыл облысының және Тараз қаласының 14-35 жас аралығындағы тұрғындары қатысты. Соған орай қос бірдей байқаудың жеңімпаздары Тараз «Jastar» қабілет орталығында марапатталды. Марапаттау рәсімінің шымылдығын Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсенқұлов Дауыл Ынтықбайұлы ашып, ары қарай сөз кезегін ұлт мүддесі жолында қоғамдық еңбек етіп жүрген Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің президенті Әубәкір Арман Серікұлы жалғап, жастарды жалынды сөздермен демеді.
Карантиндік мезгілде шығармашылық тұрғыдан даму керек деп түйген болу керек, «Ғылым таппай мақтанба» атты дельфийлік ойындарына 60 қатысушы белсенді қатысып, ішінен 17 жеңімпаз оқ бойы озық шықса, «Мәңгілік елдің алып тұлғалары» байқауынан 3 жеңімпаз анықталды. Жүлделі орындардан бөлек, қатысушылардың ынтасына қарап 2 авторға ынталандыру сыйлықтары тағайындалды.
Сондай-ақ, марапаттау рәсімі аяқталғаннан кейін жастарды орта ғасырдың құнды туындыларымен таныстыру мақсатында әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған ғылым және технологиялар көрмесі өтті.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер