Шетел асқан миллиардтар

3513
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандықтардың  шетелге  жіберетін ақшасы көбею үстінде. Халықаралық ақша аударымдары жүйесі (ААЖ) арқылы елден шетелге жіберілген қаражат көлемі бойынша жаңа рекорд екі ай қатарынан орнатылғандығы  туралы сарапшылар жүргізген зерттеуде айтылған. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы  ranking.kz ке сілтеме жасай отырып  хабарлайды.

Халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы шетелге жіберілген қаражат көлемі 2020 жылдың маусымында рекордтық 92,8 млрд теңгені құрады. Бұл бір ай бұрын, осы жылдың мамыр айында қол жеткізілген рекордтық көрсеткіштен 22,1 млрд теңгеге артық.  

Сонымен қатар, "карантиндік " сәуірде  шетелге жасалған аударымдар көлемі  22,5 млрд  теңгені құрады, бұл 2016 жылдың қаңтарынан бастап ең төмен көрсеткіш.

Соңғы екі айда шетелге жіберілген аударымдардың рекордтық көлемі өз рөлінайтарлықтай атқарды. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында жіберілген қаражаттың жалпы көлемі2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда11,7% - ға, 314,6 млрд теңгеге дейін өсті.

Қаражат жіберілген елдер арасындаҚырғызстанға жасалған аударымдар көлемі едәуірартты: бірден 81,7% - ға, 63,8 млрд теңгеге дейін, оның ішінде 45,3 млрд теңге соңғы 2 айда ғанааударылды.

Сондай-ақ Түркияға да  аударымдардың көлемі айтарлықтай өскендігін атап өту керек,  38,1% - ға, 54,1 млрд теңгеге дейін өсті.

Қазақстаннан  шетелге аударымдар көлемі бойынша Ресей әдеттегідей  көш бастап келеді. Осы жылдың бірінші жарты жылдығында Ресейге 88,7 млрд теңге аударылған, бұл 2019 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 10,3%-ға аз. Екінші орында Қырғызстан (63,8 млрд теңге) тұр, одан кейін Өзбекстан (63,3 млрд теңге), төртінші орында Түркия (54,1 млрд теңге) тұр.  

Халықаралық ақша аударымдары жүйелерінің ішінде шетелге жіберілген ақша көлемі бойынша «Золотая Корона» көш бастап тұр, оған барлықақша аударымы операциясының 81% — дан астамы тиесілі. Биылғы жылдың алты айында осы ақша аударым жүйесі арқылы 255 млрд теңге өткен, бұл 2019 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 26% - ға көп.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер