Алпауыт елдер АҚШ-тағы сайлауға қалай әсер етеді?

2678
Adyrna.kz Telegram

Ресей, Қытай және Иран АҚШ президенті сайлауының нәтижелеріне әсер етуге тырысатын елдердің қатарында деді американдық Cыртқы барлау қызметінің басшысы Уильям Эванина. Бұл туралы BBC-дің орыс қызметі хабарлады.

 

Эванинаның мәлімдемесі «Сайлау қаупі туралы америка халқына жаңа мәліметтер" деген тақырыппен АҚШ-тың Ұлттық Cыртқы барлау және қауіпсіздік орталығының ресми сайтында жарияланды. Онда американдық Cыртқы барлау басшысы қараша айындағы дауыс беру қарсаңында шетелдік державалар "АҚШ сайлаушыларының артықшылығы мен болашағын әлсірету, американдық саясатты өзгерту, Америка Құрама Штаттарындағы ішкі қайшылықтарды қыздыружәне американдықтардың демократиялық процеске деген сенімін бұзу үшін сайлау науқанына араласуды жалғастырады»,- дейді.

  Эванинаның айтуынша, шет мемлекеттер АҚШ-тың сайлау инфрақұрылымын бұзуға тырысады. Дауыс беру процесіне кедергі жасауы, маңызды ақпаратты ұрлауы немесе сайлау нәтижесінің сенімділігіне күмән келтіруі мүмкін.

"Негізінен, біз қазірдің өзінде жүргізіліп жатқан жұмыстарға, сондай-ақ Қытай, Ресей және Иран тарапынан болатын іс-әрекеттерге алаңдаймыз", - делінген Twitter мен ФБР-дегі мәлімдемеде.

 Сыртқы барлаудың соңғы деректері арқылы американдық билік өкілдеріне сілтеме берген New York Times-тің хабарлауынша, Вашингтон үшін үлкен қауіп Мәскеуден болады. Атап айтқанда, жарияланған құжатқа сәйкес Ресей «бұрынғы вице-президент Джо Байденнің, сондай-ақ Мәскеуде Ресейге қарсы деп саналатын американдық мекемеөкілдерінің беделін түсіретін бірқатар шараларды қолданады».

  Украинадағы оқиғаларға қатысты Барак Обама әкімшілігінің позициясын білдіргеннен кейін және Ресей оппозициясын көпшілік алдында ашыққолдағаннан бері Байден Мәскеуге ұнамайды.

    Ресей билігі Эванинаның соңғы мәлімдемесінеқатысты әлі түсініктеме берген жоқ. Алайда, ақпан айында құжаттың алдыңғы нұсқасына түсініктеме берген Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Вашингтонның бұл айыптауларының "шындыққа ешқандай қатысы жоқ" "параноидтық хабарламалар" деген болатын.

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер