Үздік гуманист: Ниет керек

1667
Adyrna.kz Telegram

 

Қай бір нәрсенің өнуіне бір шарт бар  ол – ниет . Әуелі –жаратқаннан ізгі ниет етумен іс өндірер болсақ,оның жеміссіз қалмайтыны белгілі. Адамның ісіне деген адалдығы  дәл осы ниетінің   тазалығымен  тепе- тең емес пе? Аллаға деген құлшылықтың өзі алдымен, шын ниет етуден басталады.Иманның беріктігі , құлшылықтың қабыл болуы  пенденің ішкі рухымен тығыз байланысты. Адамды тұрмыс билеген заманда  ниеттің өзгеруі де не ғайбыл.Дүниеге деген құмарлық , тойымсыздық пендені пәтуасыз тірлікке жеткізеді.Әки ,ол адамның  жаны мен тәні де  сауықпас кеселге душар болады. Бұл – арамдық, қараңғылық, тәкәппарлық.Дәл осы кеселдің алдын-алу ішкі жан дүниемізден бастау алады.

Пенденің қандай бір іске бармас бұрын жасайтын дүниесі ойланып оны ақылға салу.Ойсыз , ақылсыз келген нәрсе сан сауалдық тығырықтан шыға алмайтыны сөзсіз.Дәл осы тығырықтар  көбейіп, пенде өз  өмірін  баянсыз ете түседі.Жан дүниенің осал тұсы да осы болса керек.Сауапты іске ниет ету ,ынсап қылу ,әділет жолына түсу әрбір адамзаттың қолынан келе бермейді.Ол алдымен отбасының пейілінен бастау алады.

Халқымыз: «Ниет түзу болса,амал да түзу болмақ» -,деп ниет сөзінің мәнісін ашып берген секілді. Қандай ғибадат болмасын шын жүректен жасалса, адам баласының қисапсыз  пәлеге ұшырамайтын сөзсіз. Ниеті  түзу пенде өзінің ақыреттегі күніне   құлшылығын жасап, біреудің мінін жіпке тізіп айтқанды жөн көрмейді.Ол керісінше, адамның қателігін бетіне баспай, даналығымен тығырықтан шығарудың  ретін іздейді.

Іс-әрекеттің  жақсы мен жаманы болсын ол адамның түпкі ниетінен.Сонда өмірімізді дұрыс сүруіміздің өзі осы ниеттен бастау алмай ма?!

Сауалға жауап іздеу әрине, адамзаттың ісі.Келешек ұрпағымызға түзу жолды көрсету  біздің қолымызда.Заманымыздың үйреншікті  болып кеткен, кереғар ниетіне  тосқауыл қою әрине оңай болмайды.Адамзаттың ниеті түзелмей,іштарлығы ұлғая түсері анық.

«Әрбір қазақ- менің жалғызым» . Сөзсіз  қандай қазақ болмасын ол біздің бауырымыз.Ниеті түзелген халықтың одан әрі дами түсері де анық.Әрбір істің жақсылыққа бой алдыруы үшін ішкі дүниемізді  таза ұстау адамзаттың рухани парызы секілді…

 

Аяжан СЕРІК

Пікірлер