Үздік гуманист: Осы біз қандаймыз?

1861
Adyrna.kz Telegram

Осы біз адамдар қандаймыз? Адамбыз дейміз, ал адам дегеніміз кім? Қазіргі заманның ер азаматы ше, һәм қаһарманы кім?  Ері-бошалаң, қызы-будан, қисыны жоқ қашқырған өңкей тантық дерсің. Заман деймін, қай заман 19 ғасыр дейін бе,ләкин 21 ғасыр дейін бе ол маңызды ма? Біздің кейіпіміз өзгерген бе, бәлки санамыз ба, жо-жоқ біздің кейіпіміз емес, киіміміз өзгерген. Санамыз емес, сапамыз өзгерген. Ойлап қарасам, тоқтауы жоқ уақыт керуені ғана жылжыған ба деймін. Ол да ақ шомшыдай жүгі ауыр, алыс сапар шеккендей тым баяу келмен болса керек.

Біз қазақ халқы содан бері далақтаған балаң(жас, толыспаған)  секілдіміз. Арада сонша уақыт, сонша көш өтті десеңші! Жоооқ, сонда да өзгермеппіз ғой. Өзгерген дүние бар. Жаңа қоғам. Бірақ ол саналы жаңа қоғам емес, миын техника улаған  жаңа қоғам. Бұрын малымды көбейтпек керек деп алысқан жұрт, қазірде сол алысқан қалпында,  тек кезіндегі мыңғырыған мал емес, Шортанбайлардың заманын зарлатқан ақша деген малын көбейтпекке ұмтылман керек-ті. Мына пәни жалғанда бендеге мәңгі тұрақтайтұғын орын жоқтығын сол будандар мен балаңдар түсінсе өмірлері дегдарланар ма еді?! Бұл пәниде арттарынан тек ғиззат марапаты ғана қалатынын білсе шапқаттанар ма еді?!

 

 

Нұрайым Әзімханқызы

+77472061179

Байзақ ауданы

Пікірлер