Үздік гуманист: (Абайшалап ой толғаймын...)

4596
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/07/img-20200805-wa0035-960x500.jpg?token=0542696cbbd729ea6b89fafab8f7eef7
Қызда мінез болу керек әдемі, Ол мінезі тәрбиенің дәлелі. Ұл да ар-намысын сақтап жүру керек тұмар қып, Ұлттың туын көтеретін жалау қып! Міне, қазақ халқының ұл-қыздары осындай, батыр да батыл.Қазіргі заманымыз нығметті*. Әр үйде тәрбиелі қыз, қайратты ұл бар. Адамдары да сыйлы тәртіпті, бір-біріне деген адамгершіліктері мол, Аллаға шүкір. Ләкин*, өмір бірде бал, бірде у боп өтеді, бақты да қайғыны да көтере білу керек. Кім білсін болашақта не боларын? Мүмкін жақсы, мүмкін жаман? Иқтиқат* қылайық, уә-ләкин* күдік бар. Алда дарулхарап* заман келе жатқан секілді. Әрине, бұл менің ойым, ләкин*, іштей бір күдік бары анық. Адамдар бір-біріне бахас*, хусідшілік*, хусрланып*, ғусурлық* жасап, хатта бір-біріне қол жұмсаса, міне, нағыз ақырзаман. Бәһрәсыз* нәрсемен айналысып, иман келтіруден қалса, ұл мен қыздары ұялудан қалу нағыз масқаралық! Мүмкін, менің айтып отырғаным қателік болар, лайым солай болғай... Нығметті* - жақсы өмір Ләкин* - бірақ Иқтиқат* - сенім Уә-ләкин* - ал, бірақ Дарулхарап* - қауіпті Бахас* - алдау Хусідшілік* - іштарлық Хисрлану* - ашқарақтану Ғурурлық* - менмендік Бәһрәсыз* - пайдасыз  

№34орта мектебінің 11 «Ә» сынып оқушысы Төлепберген Тоғжан (16 жас) Жетекшісі: Аманбаева Қарлыға Жабатайқызы (қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі) Телефон номері: 8 777 423 13 78

 
Комментарии