Үздік поэзия: Достық пен Абай

2303
Adyrna.kz Telegram

 

Түпкі иесі достықтың

халық - батыр.

Қазақты өз жерінен ығыстырған,

Ақ табан - шұбырынды

заман ақыр.

... - Көшерін - жел,

қонарын сай билеген,

кез еді ол

Бүкіл қазақ зар илеген.

Қырық ру,

қырық пышақ боп қырылысып,

Біреуі біреуіне иілмеген.

Құмда ізі,

 

Сайда саны қалмай ығып,

Күн кешкен

қырғи тиген шілдей бұғып,

Малға өріс,

Өздеріне қоныс таппай,

қаңғыған тоз-тоз болып

Ел шұбырып.

Тірідей аға айырылып,

қарындастан

Аш өзек баласынан ана қашқан.

 

Бір күндік тірлік үшін

жан таласқан,

туыстар

туысының қанын шашқан.

Шыдамай мұндай жұтқа

Алқымдаған, жөнкіді қарайламай

Адамға адам

Басталды содан былай

зор топалаң -

 

Ақ табан - шұбырынды

зар - зар заман.

Бұл опат

шайқап барлық щаңырақты,

Даланың төсін таптап

шаңын қақты.

Бөлісіп қайғы-мұңды

Нан мен тұзын.

Кезінде қазақ сүйді

орыс қызын.

 

Бастайды қыз әнімен бар қызығын.

Соны ұққан

Абайға мен қайран қалам.

《Бар ма, - деп - , -

туысына асқан дарын одан?》

Не деген қиал жетпес -

ойшыл адам

жырына желі тартқан

Россиядан.

 

 

Жібек ОРЫНБАСАРОВА,

+7 771 616 40 19

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер