Қош, қош - қайран Жәкем

2563
Adyrna.kz Telegram
Қара бұлт торлаған ба мына елді,
Қара індет жайлағанба байтақ жерді.
Тәжтажал елдің ішін ойран қылып,
Қанашама ардақтылар көзден кетті.
Тәжтажал бет-жүзге қарамады,
Емі де әзірге еш табылмады.
Жаназа соңғы кезде жиі оқылып
Өзі де аз қазағымды жаралады.
Бұл дерттің де тоқтауы болар әлі,
Әрбір үй қуанышқа толар әлі.
Өршіген бұл індетке ем табылып,
Бұл күнде ұмытылып қалар әлі.
Десекте көп азамат кетіп жатыр,
Арасында ардақтылар жетіп жатыр.
Ажалдың артып алған жетегінде
Пәниден бақилыққа өтіп жатыр.
Сондай бір ел тұтқасы асыл ағам,
Қазақтың қуанышы алтын жағам,
Қазақтың мақтанышы,батырынан
Айырылып қалдық міне түсіп сағам.
Халықтың жақсы көрген жан баласы,
Бір жапырақ, елден шыққан ол дарасы.
Қайран Жәкем ортамыздан кеткеніме?
Қайғырып аза тұтты ел арасы.
Қазақтың мақтанышы асқартауым,
Өзіңді жақсы көрді барша қауым.
Спорттың шықтың биік ең шыңына
Барме екен сенен өзге басқатауым.
Күресті төл күрестен бастағансыз,
Еңбексіз бірде тыныш жатпағансыз.
Елім деп әрқашанда алда жүріп
Біреуді ренжітіп тіл қатпағансыз.
Бескүндік мына өмір өткеніме
Шынымен Жәкең бізден кеткеніме.
Қазақтың асыл ұлы, батырына
Сұм ажал аяқасты жеткеніме.
Сахарасы қазақтың жылап қалды,
Қайғырып тау мен тастар бұлақ қалды.
Ел іші жүрген жерлер қимай тұр ғой,
Артында тамыр- таныс, ұрпақ қалды.
Күн санап Жәкеңді біз сағынамыз.
Амал не сабырға хәм бағынамыз.
Анадан артық туған жанды еске алып
Құран бағыштап, аллаға табынамыз.
Хош, Жәкем қия алмаймыз біз өлімге,
Мол мұра қалдырдыңыз бұл өмірде.
Бұл өмірде қалдырған нұр бейнеңіз,
Жаннаттың шалқысыншы нұр төрінде.
Ақын Ордабайұлы
Пікірлер