Батыс Қазақстанда ер адам кішкентай қызды ұрламақ болды (видео)

5073
Adyrna.kz Telegram

Орал қаласы Зачаганск кенттік округінде бейтаныс ер адам кішкентай қызды ұрламақ болды. Балалар алаңында қамсыз ойнап жүрген бүлдіршінге қарт кісі жақындап, бірге ойнауды ұсынады. Бірақ қыз бұл кісіні танымайтын болып шықты. Балалардың жанында отырған туысы олардың әрекетін бақылап отырады. Бүлдіршінді жетектеп бара жатқанда олардың алдынан қыздың әкесі шығып, қызды қайда апара жатқанын сұрайды. Бұл баланың әкесі екенінен хабарсыз күдікті оған “Шаруаң болмасын! Біз ойнауға бара жатырмыз” деп жауап береді.

Облыстық Полиция департаменті бұл оқиға 2 тамыз күні болған дейді.

« Зачаганск полиция бөлімінің кезекшісіне Мөңкеұлы көшесінде белгісіз ер адамның қызды ұрламақ болғаны туралы хабар келіп түскен. Қыздың анасының арызы тіркеліп, полиция күдікті ер адамды ұстады. Ол оқиға болған кезде алкогольді ішімдікке мас болған», - деді БҚО Полиция департаментінің баспаөз қызметі.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер