Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев ұсталды

2881
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды. Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті растады.

 

"ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Экономикалық тергеу қызметі қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ҚР денсаулық сақтау вице-министрі О.Әбішевті ұстағанын растайды", - делінген хабарламада.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.

Олжас Әбішев денсаулық сақтау вице-министрлігіне 2018 жылы келген. 1983 жылы Қызлорда қаласында туған. Экономист-информатик, заңгер-құқықтанушы мамандықтары бойынша білім алған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер