Бүгін бұған дейін ҚР Президентінің кеңесшісі қызметін атқарған Ерлан Қарин Тынымбайұлы ҚР Президентінің көмекшісі қызметіне ауысты. Бұл туралы Президент жарлығында былай делінген:
"Е.Т. Қаринді Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындау туралы Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 30 шілде № 377" Білімді, іскер, еңбекқор, ең бастысы ұлтына деген жанашырлығы жоғары, әрдайым халықпен ашық диалог құруға дайын тұратын Ерлан Тынымбайұлының жаңа қызметіне құтты болсын айта отырып, толағай табыс тілейміз!“Адырна” ұлттық порталы