Адырна күнтізбесі: Бүгін Мұхтар Әуезовтың қызы дүниеге келген күн!

2256
Adyrna.kz Telegram

Әуезова - белгілі қазақ жазушысы М.О.Әуезовтің қызы. Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетін, КСРО Ғылым академиясы Шығыстану институтының аспирантурасын бітірген. Қазақ ғалымы, тарих ғылымдарының докторы. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері Қазақстан тарихына, Қазақстанда жер шаруашылығының дамуына, М.Әуезов шығармашылығындағы Қазақстан тарихының мәселелеріне арналған. Ташкент қаласында туған. 1993 жылы қайтыс болды.

Еңбек жолы: 1956-1962 жж. - Қазақстан ғылым академиясының тарих, археология және этнография институтында, 1963 жылдан өмірінің соңына дейін - М.О.Әуезованың үй-мұражайының директоры қызметін атқарған. 1956-1962 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы тарих, археология және этнография институтының ғылыми қызметкері болған. 1963 жылдан М.Әуезов әдеби-мемориалдық  мұражайы мен «Әуезов үйі» мұражайының директоры қызметін атқарды.

 

Аяулым ӘБІЛДА, “Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер