Мұқтаж жандар Qurban2020.kz порталы арқылы қалай өтініш бере алады?

2288
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының мамандары "Адырна" тілшісіне  Құрбан айт мерекесіне байланысты Qurban2020.kz  сайтының жұмысын түсіндіріп берді.

1. Qurban2020.kz сайтына компьютер арқылы немесе ұялы телефоныңыз арқылы кіресіз.
Сайттың оң жағындағы «Құрбандық етін алу үшін өтініш қалдыру (мұқтаж жандар үшін)» деген батырмасын басып кіресіз.
Одан кейін, ашылған терезедегі көрсетілуі керек болған мәліметтерді толық жазып шығасыз.
1. Өзіңіздің өңірді немесе қаланы нақты таңдаңыз. Егер сіздің мекен-жайыңыз облысқа қараса, міндетті түрде облыс таңдалуы қажет. Өңірді таңдаған соң, «Келесі» батырмасын басасыз.
2. ЖСН (ИИН) номеріңізді қатесіз жазыңыз.
Аты-жөніңіз, ұялы телефоныңыз, етті апарған кезде баратын нақты мекен-жайыңызды көрсетіңіз. Себебі, сол мекен-жайға Зекет қоры қызметкерлері етті апарып беретін болады.
Әлеуметтік жағдайыңызды көрсетесіз. Ол үшін «Әлеуметтік жағдайы» - деген жазудың астындағы «Таңдаңыз» батырмасын басып, өз жағдайыңызға сәйкес келетін бөлімін белгілейсіз. Мәселен, «Көп балалы отбасы» немесе «Мүмкіндігі шектеулі» деген сияқты...
ЕСКЕРТУ: қай бөлімді белгілесеңіз де оның құжат түріндегі дәлелін жіберуіңіз міндетті. Егер жазылған бөлімдердің ешбірі сіздің жағдайыңызға сәйкес келмесе, «Басқа» деген батырманы бассаңыз, соның астында бос ұяшық шығады, сол жерге өзіңіздің жағдайыңызды жазасыз.

3. Көрсетілген бөлімді таңдаған соң, автоматты түрде «Құжаттың фотосын жүктеу» деген жазбаны және астында құжаттың электрондық нұсқасын жіберуге арналған батырманы көресіз. Сол арқылы компьютеріңіздегі немесе ұялы телефоныңыздағы алдын-ала әзірлеп қойған құжаттарыңыздың суретін жолдайсыз.

4. Бәрін толық толтырып шыққан соң, қателік кетіп қалмас үшін тағы бір мәрте тексеріп шығыңыз да, ең астыңғы «Я не робот» (Мен робот емес) деген тұсқа белгі соғасыз.

5. «Жіберу» батырмасын басып, сайтқа өтінішті жібересіз.

Сіз жоғарыда айтылған нұсқауларды орындаңыз. Әрі қарайғы шаруаны біз атқарамыз. Сізге  жазылған нөмір арқылы өзіміз хабарласып, құрбандықты жеткіземіз.

Гүлвира Асқар,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер