Үздік поэзия: Абайға арнау

1261

 

Шығарайын арнауымды Абайға арнап,

Қатарынан емеспіз сөзге жалтақ.

Дара болған қазаққа Абай атам

Айтылады өзіңізге көптеп мадақ.

 

Үлгі болар бұл жастарға өзіңіз,

Тірі сіздің өнегелі сөзіңіз.

Ғибрат алар «Абайым» деп әр қазақ

Шабыт берер жас ақынға өзіңіз.

 

Білім іздеп оқудан еш талмадың,

Білгеніңді тек қазаққа арнадың.

Жастар білсін, жастар көрсін деп жүріп,

Қанатсыз-ақ көкке қарай самғадың.

 

Орыстар Пушкинімен мақтанады,

«Шекспир!» деп ағылшындар шаттанады.

Қазағымның Абайына жетпейді ғой,

Отырмыз бас ақынды мақтағалы.

 

Дара болған, қазағыма дана болған,

Жан болдыңыз халқымыздан текті  туған.

Мақтанышпен айта аламыз теңдесіз

Ерекше жан едіңіз білім қуған.

 

 

Қазақ болсаң, оқу керек «Абай жолын»

Сол арқылы білеміз өмір жолын

Жазушы бар Әуезовтей бұл халықта

Танытқан шет елдерге ақын жолын!

 

                                                           Исабек Гүлмарал Қуанышбекқызы

Пікірлер
Редакция таңдауы