Ерлан Саиров. Халықтың жағдайы қиын, азаматтардың қаны қайнап жүр

5145
Adyrna.kz Telegram
Сәтбаев қаласында жас бүлдіршін, сәбиді педофил өз үйіне кіргізіп алған. Бүкіл қала болып іздеп, бүлдіршінді әзер дегенде тапқан. Педофилдерге заңды күшейткен өте дұрыс болған. Бұларды қатаң соттаумен қатар, (педофилдік факт дәлелденген жағдайда) лезде химиялық кастрация жасау керек.
Ондай адамдар, өмір бойы түрмеде өтуі тиіс!
Ал кеше түнде, Сәтбаев қаласының тұрғындары сол педофилды халықтың қолына беруді талап етіп, көшеге шыққан.
Халықтың жағдайы қиын, азаматтардың қаны қайнап жүр.
Азаматтардың көшеге шығуының басты себебі, полицияға сенбейді.
Дегенмен, халық пен билік арасындағы диалог өте маңызды.
Полиция өкілдеріне ақпаратты уақтылы беруді басты назарда ұстау керек.
Бүгін сағат 10.00 де Ішкі істер министрінің брифингі болады екен.
Тыңдап көрейік.
Полицияны реформа жасау керек.
Өйткені, халық пен полиция арасында сенім орнауы керек.
Бұл бірінші реттегі мәселе.
Полициямен қоғам арасында сенім орнамаса, елімізде нигилизм пайда болады. Бұл (нигилизм) шарықтау шегіне жеткен саяси жағдайды ушықтыратын негізгі фактор.
Пікірлер