Баку: Армения әскері атқан снарядтар тұрғын үйлерге құлады (видео)

3566

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігі Армения әскері атқан снарядтар тұрғын үйлерге құлағанын хабарлады.
«Армения қарулы күштерінің Товуз облысы, Дондар Гушчу ауылын атқылауы нәтижесінде тұрғын үйлерге және үй учаскелеріне снарядтар құлады. Үйлер мен жеке үй шаруашылығына айтарлықтай залал келді. Атқылау кезінде тұрғындар болған жоқ», - деді департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі полковник Вагиф Дарьяхлы РИА Новостиге.
Бұған дейін Армения Қорғаныс министрлігі Әзірбайжанмен шекарада қақтығыстардың қайта басталғаны туралы хабарлаған болатын.
12 шілдеде басталған қақтығыс төрт күн жалғасуда. Қақтығыс аймағы Грузиямен шекаралас Таулы Қарабақтан бірнеше жүз шақырым жерде орналасқан Товуз и Тавуш аудандары .
Атыс орын алған Мовсес ауылының жанында әскери посттар орналасқан. Бакудің хабарлауынша, 11 әзірбайжандық солдат өлтірілген, оның ішінде генерал да бар. Армения жағы екі адам қаза тапты және бес адам жараланды деп хабарлады.
Әзірбайжан мен Армения оқ атты деп бір-бірін деп айыптауда. Халықаралық қауымдастық тараптарды диалогқа шақырды. Ресей СІМ жағдайды тұрақтандыру үшін Баку мен Ереванға көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы