Пневмонияның жаңа түрі шыққаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді

1135

Қытайлық БАҚ-та Қазақстанда COVID-19 індетінен де қауіпті белгісіз пневмонияның шыққаны туралы мақала жариялан. Денсаулық сақтау министрлігі мұны, яғни  қытайлық БАҚ-тың Қазақстанда өлімге әкелетін пневмонияның жаңа түрі таралып жатқаны жайлы ақпаратын жоққа шығарды.

 

"Кейбір Қытай бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда коронавирустан едәуір қауіпті белгісіз пневмония анықталғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді. Қазақстан өзге елдер сияқты пневмонияның мұндай түрін қадағалап отырады, бұл дер кезінде басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді, - деп  мәлімдеді  сақтау министрлігі.

 

 

 

Пікірлер
Редакция таңдауы