АҚШ ұйғырлардың құқығын бұзғаны үшін Қытай шенеуніктеріне қарсы санкция салды

2809
Adyrna.kz Telegram

Құрама Штаттар ұйғырлар құқығының бұзылуына себепші болған деген Қытайдың жоғарғы лауазымды төрт шенеунігіне санкция салды. Шектеу Магнитский актісі аясында енгізілген. Бұл жөнінде АҚШ қаржы министрлігі мәлімдеді.

Санкцияға сәйкес, Қытайдың Шыңжаң аймағының губернаторы Чэн Цюаньгоға, аймақтың саяси және заң комитетінің бұрынғы басшысы Зу Хайлунға, қауіпсіздік саласы жетекшісі Ван Мингшэнге және Шыңжаңның қауіпсіздігін бақылаған бұрынғы жетекшісі Хуо Лучюнға Құрама Штаттарға виза берілмейді. Олардың АҚШ-тағы мал-мүлкі қамауға қойылады.

Президент Дональд Трамп Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономды аймағындағы мұсылмандардың қуғындалуына байланысты жоғарғы қызметтегі шенеуніктерге санкция салуға мүмкіндік беретін заң жобасына қол қойған.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен бірқатар Батыс елдері Қытай билігі Шыңжаңдағы ұйғыр, қазақ және қырғыз сияқты ислам дінін ұстанатынын этностық топтарды "саяси тәрбие лагерлеріне" негізсіз қамап отырғанын айтып келеді. Осыған дейін Қытайдан келген ондаған қазақ және қырғыз Шыңжаңдағы туыстары лагерлерде қамалып жатқанын айтып, биліктен көмек сұраған.

Қытай билігі Шыңжаң тұрғындары діни және саяси көзқарасы үшін қуғындалып жатқанын теріске шығарып, лагерлер тек жаңа кәсіпке үйрету орталығы деп келеді.

Centralasia.org

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер