Коронавирус жұқтырған Елжан Біртанов емханадан шықты

3376
Adyrna.kz Telegram

«Елжан Амантайұлы жағдайының жақсаруына байланысты емханадан шығарылды. Қазір амбулаториялық емін жалғастыруда», - деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың пікіріне қарағанда ол қазір инфекциялық стационардан шығып, үйінде ем алуды жалғастырып жатқанға ұқсайды.
Бұған дейін Президенттің жарлығымен Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылып, оның орнына Алексей Цой тағайындалғаны белгілі.
Еске сала кетейік, Елжан Біртановтың бұған дейін КВИ жұқтырып алғаны хабарланған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер