Гонконг: Тәуелсіздік жалауын көтерген ұрандар ауыр қылмыс болуы мүмкін

1210

Гонконгте көптеген адамдар  «наразылыққа қарсы» заң  өткізілетін мерейтойға  кедергі келтіретіне қатысты  шеруге шықты.

“Бейжің қабылдаған «наразылыққа қарсы» жаңа заң күшіне енгеннен кейін, Гонконгта көптеген  адам қамауға алынды, оның ішінде тәуелсіздік туын көтерген адам да бар”,- дейді арнайы өкілдер.

Полиция Ұлыбритания билігі аяқталғаннан бері 23 жылдығын атап өту үшін жиналған кейбір наразылық білдірушілерді тарату үшін бұрыш спрейін қолданды.

Ұлттық қауіпсіздік туралы заңда өмір бойы түрмеге отыру  жазалауы – бөлінуге,  жүйені құлатуға және терроризмге қарсы  бағытталған.

Сыншылардың айтуынша, бұл Қытай кепілдік беретін кейбір бостандықтарды тоқтатады.

Ұлыбритания Гонконгтың егемендігін 1997 жылы Қытайға  белгілі бір бостандықтарды кем дегенде 50 жыл қорғауға арналған келісім бойынша берді.

Мерейтойға арналған жыл сайынғы демократияшылдық шеруге алғаш рет тыйым салынған болатын. Себебі Ковид-19 қатысты 50-ден астам адам жиналуға болмайтынына қатысты сілтеме жасады.

Полиция қала орталығында жиналған демонстранттардың шағын тобымен қақтығысып, кем дегенде 30 адам «заңсыз жиналыс, қауіпсіздік заңын бұзып, полицияға қарсыласқаны үшін және қару ұстағаны үшін » қамауға алынды.

Ұсталғандардың ішінде «Гонконг тәуелсіздігі» жалауын көтерген адамға кейбір ұрандар мен баннерлер жаңа заң бойынша ауыр қылмыс болуы мүмкін деп ескертілді.

BBC news ақпаратынан алынды.

Аударған:Нағима Базарқызы,

"Адырна" ұлттық порталы

Фото: ашық интернеттен

Пікірлер
Редакция таңдауы