Кофе - хош иісті сусын. Оның ағзаға әсері туралы пікірлер әлі күнге дейін пікірталас тудырады. Назарларыңызға кофе туралы қызықты деректерді ұсынамыз.
Кофеден шай жасауға болады
Кофеден шай жасау үшін оның жапырақтарын қайтатыңыз. Кофе шайынд ақарапайым қара шайға қарағанда антиоксиданттар мен басқа да пайдалы заттар көп.
Кофе адамды сенуге бейімдейді
Кофеин сіздің миыңызды бұрын дұрыс емес болып көрінген дүниелерге сендіреді. Егер сіз біреуді өзіңізге сендіргіңіз келсе, оған ойланбастан кофе ұсыныңыз.
Кофе еңбексүйгіштерге қарағанда еріншектерді көбірек сергітеді
Ғалымдар таңқаларлық зерттеулерді жиі жүргізеді . Сондай бір зерттеу жұмысы егеуқұйрықтарға жасалды. Ғалымдар екі егеуқұйрықты салыстырды. Оның біреуінде кофе дозасы болса, екіншісінде болмады. Зерттеу нәтижесінде белсенді егеуқұйрықтарға қарағанда жалқау егеуқұйрықтар белсенді бола бастағаны анықталды.
Кофе ұлыларды шабыттандырды
Бетховеннің 64 бұршақтан дайындалатын ерекше кофесі болған.
Бальзак кофенің жанкүйері еді. Ол бұл сусынды өте көп ішкен. Соның салдарынан, жүрек аурынынан қайтыс болды. Сол себепті Бетховеннің қателігін қайталамаңыздар. Ал Иоган Себастьян Бахтың сусынға арналған "Кофейная кантанта" атты туындысы бар.
Кофе эфиопиялық ешкілердің арқасында ашылды
Әйгілі аңыз бойыншаЭфиопия тұрғындары кофенің сергіткіш қасиетін оның жидектерін жейтін ешкілердің арқасында білді. Алайда адамдар кофе дәндерінөңдеу мен олардан сусын дайындау туралы ойламай-ақ, оны солай жей бастады. Осылайша өмірге кофе келді.
Егер сіз кофені қалыпты мөлшерде ішсеңіз, ол денсаулығыңызға пайдалы болады
Фанатизмсіз ішілген кофе салмақ жоғалтуға, жүйке жүйесін қалыпқа келтіруге көмектеседі.
Кофеге тыйым салынған
Өзінің бүкіл тарихында кофеханалар әртүрлі елдерде бірнеше рет тыйым салған. Ең танымал тыйым Меккеде 1511 жылы және Англияда 1675 жылы салынды. Әдетте, билік кофеханаларды революциялық ойлардың қайнар көзі және қастандық жасаушылар үшін жиналатын орын деп санады.
Диана АСАНОВА,
«Адырна» ұлттық порталы