Есмағамбетова масканы қалай тағу керектігін айтты

3194
Adyrna.kz Telegram

Бас санитар А. Есмағамбетова адамдар кез келген байланыста бір метрден кем емес арақашықтық сақтап, барлық жабық нысан ішінде маска тағу қажет екендігін ескертті. Сонымен қатар ол азаматтардың масканы дұрыс тақпай жүргенін атап өтті.

"Адамдар көп жағдайда масканы иегіне тағып алады. Құрметті қазақстандықтар, масканы иекке тағу сізді коронавирустан қорғамайды. Маска бет пен мұрынды жауып тұруы қажет. Негізгі ереже – күнделікті қолдың гигиенасын сақтау. Яғни, үнемі қолды жуып, антисептиктерді қолдану керек. "Аса қажеттілік болмаса қарым-қатынастардан аулақ болу керек, бұл инфекцияның қоғамда таралуын азайтып, бұрынғы өмірімізге қайта оралуға мүмкіндік береді", - деді бас санитар.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер