Түркістан әкімі Рашид Аюпов өзінің коронавирус жұқтырғаны туралы Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
"Осыдан бірнеше күн бұрын денсаулығым сыр беріп, дәрігерлер көмегіне жүгінген едім. Алдыңғы күні тапсырған ПТР анализі оң нәтиже көрсетіп, Covid-19 індетіне шалдыққанымды растап отыр.
Жұмыс барысымен, күнделікті, адам саны көп жерлерде болуға мәжбүрміз. Қанша сақтық шараларын орындасақ та, бұл індет шет айналып өтпеді. Нақты кімнен, қашан жұққанын анықтау жұмыстары да жүргізілуде.
⠀Осыған орай, үйде оқшаулануға мәжбүрмін. Жұмысты алшақтан қадағалап, пайдалы болуға тырысамын. Дегенмен, қала әкімдігі жұмысы уақытша орынбасарым Мұсаев Тәжібек Қалманұлына жүктелді.
⠀Әкімдік ғимаратында залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлер де анализ тапсыратын болады. Бұл күндер де көп ұзамай өтіп кетеріне сенемін. Амандықта жүздесу бұйырсын! Дендеріміз сау, жақындарымыз аман болсын!" - деп жазды Рашид Аюпов.