ТМД-ның мәдениет өкілдері шымкенттіктерді қала күнімен құттықтады (видео)

2854
Adyrna.kz Telegram

2017 жылы 11 қазанда Сочиде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мемлекет басшылары кеңесінің отырысында 2020 жылы Шымкент қаласы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) мәдени астанасы болып белгіленді.

Ал 2018 жылы  19 маусым күні ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев Шымкентке республикалық қала мәртебесін беру туралы Жарлыққа қол қойды. Сол күннен бері  19 маусым   Шымкенттің  қала күні болып бекітілді. Биыл Шымкент қаласының 2 200 жылдығын ЮНЕСКО көлемінде атап өту жоспарланған.

Осы айтулы датаға орай еліміз бен ТМД мемлекеттерінің мәдениет саласының өкілдері Шымкент қаласының тұрғындарын туған күнімен құттықтады.

 

"Адырна" ұлттық порталының ұжымы да шымкенттіктерді мерекесімен құттықтайды

 

Пікірлер