Путин: Ресей Екінші дүниежүзілік соғыс туралы шындықты қатаң ұстанатын болады

3927
Adyrna.kz Telegram

Ресей Екінші дүниежүзілік соғыс туралы тарихи шындықты фактілерге сүйене отырып ұстанады, деді Ресей президенті Владимир Путин американдық National Interest журналына арналған мақаласында.
«Тарих сабақтарын елемеу сөзсіз қатал есепке алып келеді. Біз құжатталған тарихи фактілерге негізделген шындықты қатаң ұстанатын боламыз. Екінші дүниежүзілік соғыстың оқиғаларына адал әрі бейтарап бола береміз», - деді Путин.
КСРО нацизмді жеңуге әскери үлестің төрттен үш бөлігін жасады, деді Ресей басшысы.
Ол сонымен бірге Ресейдегі соғыстың тарихи жадын сақтауға арналған ауқымды тарихи-мұрағаттық жобалар туралы айтты.

Сондай-ақ сол кездегі империяны билеген Сталинге қатысты өз пікірін де айтып өтті.

"Иосиф Сталинге қатысты бірқатар шағымдар әділетті, оның ішінде қуғын-сүргін, бірақ ол КСРО Германиямен жалғыз қалғысы келетінін, уақыт сатып алғысы келетінін көрді", деп жазды Ресей президенті.
«Сталин мен оның қасындағылар шын мәнінде көптеген негізделген айыптауларға лайық. Біз режимнің өз халқына қарсы жасаған қылмыстары мен жаппай қуғын-сүргіннің қасіретін есімізде сақтаймыз. Басқаша айтқанда, Кеңес басшыларын кінәлауға болатын көптеген жайттар бар », - деп жазды РФ президенті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер