Тәжік милициясы көшеде маскасыз жүрген жастарды ұстай бастады

3097
Adyrna.kz Telegram

Тәжікстан астанасы Душанбе қаласының милициясы 10 маусымда "Жасөспірім" ауқымды операциясын өткізді. Құқық қорғаушылар көшеде медициналық маскасыз жүрген жастарды тоқтатты.

Оларды милиция учаскесіне апармады, бірақ эпидемия кезінде маскасыз көшеге шығуға болмайтынын түсіндірген. Айта кетерлік жайт, Тәжікстанда коронавирусқа байланысты карантин жарияланбады, сол себепті милиция тұрғындардың серуендеуіне тыйым сала алмайды.

Тәжікстан ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, маскасыз жастарды ұстау операциясы күнде жүргізіледі. Бір күннің ішінде милиция тоқсанға жуық жасөспірімді тоқтатқан, сегізін арнайы мекемеге жеткізген.

Милиция көшеге себепсіз шыққан жасөспірімдерді ғана ұстайды.

Милиция 15 маусымнан бастап аурудан қорғаныс құралдарын пайдаланбаған тәжікстандықтарға айыппұл сала алады. Айыппұл көлемі - 28 доллар.

centralasian.org

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Пікірлер