Шымкентте көпқабатты үйлердің аулалары залалсыздандырылуда

2300
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласының аумағында коронавирус инфекциясына қарсы дезинфекциялау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.

Әл-Фараби ауданында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй, 2244 кіреберіс пен 400 ойын алаңдары бар. Қазіргі кезде көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын және кіреберістері мен көшелер толық індетке қарсы залалсыздандырылды.

Дизенфекциялау жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізуде. Жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюм және арнайы құралдармен қамтамасыз етілген.

Аталған жұмыстар күнделікті жалғасады.

Шымкент

Пікірлер