"Рухани Жаңғыру" логотипінің тарихы

6121
Adyrna.kz Telegram

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2017 жылдың сәуірінде қоғамдық сананы жаңғырту туралы бағдарламалық мақаламен сөз сөйледі. "Рухани Жаңғыру" эмблемасы сол кезден бастап қалалық пейзажда өз орнын тапқан болатын.

Қоғамдық сананы жаңғырту - алдағы жылдары қазақстандықтарға жолсілтер үш сөз. Эмблемадағы түрлі-түсті қанатты құсымыз байтақ даламызды шарлап, рухани құндылықтарды жандандыруға шақырады. "Рухани Жаңғыру" бағдарламасының логотипін шенеуніктердің лацкандары мен үстел үсті блокноталарынан ғана емес, сондай-ақ қаладағы ғимараттарымыздан да байқауға болады.

Қаламызда Рухани жаңғырту жөніндегі бағдарламаның логотипін табу қиын емес. Тек көзіңізді көтерсеңіз болғаны, түрлі-түсті сынықтардан жиналған еркін құсты көп жерден байқай аласыз.

Тіпті, бұл құс кейбіреулерді жаңа жылдық костюмдерді жасауға шабыттандырды. "Рухани Жаңғыру" бағдарламасымен үндесіп, алып қанаттарын түзеп, "Мисс Вселенная" сұлулық байқауының подиумына қазақстандық Сабина Әзімбаева шықты.

"Рухани жаңғыру" логотипі мен L ' Aigle De Patmos Француз театр орталығының ұқсастығы – Қазақстандағы өзекті тақырыптардың біріне айналған болатын.

"Рухани жаңғыру" логотипі бойынша шынымды айтсам, мен бұл дүрлікті түсінбеймін. Бұл плагиат бізге келіп түспеді деп айыптауға қатысты сұрау жоқ – бұл біріншіден. Екіншіден, біз сіздермен барлық құстар бір-біріне ұқсайтынын, қанаттары, тұмсығы және т.б. бар екенін түсінуіміз керек. Бірақ сіз логотип Қазақстанның ұлттық туынан алынғаны бірден көрініп тұрғанын түсінуіңіз керек", – деді ҚР АКМ басшысы.

Жалпы, "Рухани Жаңғыру" сөз тіркесі Елбасымыздың бағдарламалық мақаласының тақырыбы. Оның мақсаты - қазақстандықтарды "жаһандану" белгісі бар қазіргі әлемдегі рухани құндылықтарды жаңғыртуға бағыттау.

"Рухани Жаңғыру" бірнеше жобаны қамтиды:"Туған жер" "кіші отанды" дамытуға бағытталған, Сакральды география қасиетті орындар туралы деректерді жинайды,"Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет" арнайы жобасы шетелдіктерді көшпелі халықтың мәдениетімен таныстырады, ал "100 жаңа тұлға" талантты қазақстандықтар туралы әңгімелейді.

Алина Диас

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы

«Медиажурналистика» мамандығының студенті

 

Пікірлер