Бекшин: Алматыда карантин ережелері күшейтіледі

3396
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/06/bekshin-960x500.jpg?token=5cceb33773e8c82fa2bec8c76ec2270c
Алматы қаласында коронавирус жұқтырғандардың саны 2939 адамға жеткен. Олардың 1929-ы дерттен айықса, 10 адам қайтыс болған. Қаланың бас санитары төтенше жағдай алынып тасталған соң кейбір жерлерде карантин ережесі бұзылып жатқандығын, карантин жағдайының күшейтілуі қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты екенін айтты.
"Көптеген нысанда карантин ережесі бұзылып жатқанын көріп отырмыз. Ескертулерге қарамастан осындай жағдай орын алып отыр. Сондықтан да науқастардың саны көбейетін болса, карантин шаралары күшейтіледі", - деді Бекшин.
 

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии