Тұрмысы төмен отбасыларға арналған әлеуметтік пакетке не кіреді?

4396
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/06/paket.jpg
Мемлекет тұрмысы төмен отбасы балаларына берілетін кепілдендірілген әлеуметтік пакетке кіретін заттардың тізімін анықтадыдеп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Еңбек ресурстарынын дамыту орталығына (iac.enbek.kz) сілтеме жасап .  Кепілдендірілген әлеуметтік көмек –  бір жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларға берілетін көмек. Ол 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға әр ай сайын азық-түлік жиынтығы ретінде  , ал тоқсан сайын тұрмыстық химия тауарларының есебінде беріледі . Жиынтық құрамы үкіметтің 2019 жылғы 30 желтоқсанындағы қаулысымен бекітілген және осы жастағы балалардың физиологиялық ерекшеліктерін , тағамдық және энергетикалық құндылығын ескере отырып жасалды. Әлеуметтік пакеттің құрамына  кальций мен басқа да микроэлементтер, анемия, рахит және дисбактериоздың алдын-алуға арналған пробиотиктеры бар әртүрлі өнімдер енген . Сонымен, орта білім беру ұйымдарында оқитын 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакетке: 1) мектеп формасы немесе спорттық киім, мектеп құралдары жиынтығы;  2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нормаларға сәйкес оқу жылы кезеңінде оқу орнында (оқу күндері) күнделікті бір рет ыстық тамақ;  3) қоғамдық көлікте (таксиден басқа) билеттің толық құнының 50 пайызынан кем емес мөлшерде жеңілдікпен жол жүруі кірген.
Комментарии