Атыраудағы жарылыстан адам қайтыс болды (видео)

3435
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/06/aқzhajyқ.jpg
Атырауда жанармай құю бекетіндегі жарылыстан  автоцистерна жүргізушісі қайтыс болды. Жүргізуші оқиға орнында емес, аурухана көз жұмған. Оқиға 5 маусым күні болды деп хабарлайды "Ақ Жайық". Атабаев көшесінде орналасқан "ПромГаз" ЖШС аумағында "Форд" маркалы автоцистерна жарылған. Төтенше жағдай салдарынан сол маңда 60-70 метр жерде орналасқан ғимарат та бүлінген.

Марқұм денесінің 90 пайызын күйік шалған. Құрманғазы ауданының 34 жастағы тұрғынының артында 4 баласы қалды.  Әйелі бесінші баласына жүкті. Көпбалалы отбасы пәтер жалдап тұрған.

"Адырна" ұлттық порталы

Фото: Ақжайық

https://www.youtube.com/watch?v=QfYeT6Tng_U&feature=youtu.be

Комментарии