Оралда белгісіз біреу әйелді моторлы қайықпен өлтірді

3519
Adyrna.kz Telegram

Төтенше жағдай 6 маусым күні сағат 22:15-те Шаған өзенінде болды деп хабарлайды  «Адырна» ұлттық порталы mgorod.kz-ке сілтеме жасап .

БҚО полиция бөлімінің баспасөз хатшысы Болатбек Белгібеков әйелдің қайтыс болғанын хабарлады.

«Белгісіз біреу 6 маусым күні сағат 22:15-те  моторлы қайықпен  суға шомылып жатқан 1979 жылғы азаматшаны  қағып кетті.  Әйел дене жарақатынан қайтыс болды», - деді баспасөз хатшасы .

Сүңгуірлер төтенше жағдай орын алған жерде жұмыс істеп, әйелдің денесін іздеу үстінде.

Қылмыскер әлі күнге дейін полицияға ұсталмады .

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 344-бабы, 2-бөлігі  «Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу» бойынша  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр .

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер