Мәселе жеке басымның моральдық не материалдық жағдайымның жақсылығынан емес, өзгеріс болғанын мен де қалаймын.
Бірақ, митинг өткізу тәртібін әлі де білмейтін, «өлмеген аю терісін» бөлісе алмай жүрген лже-оппозиция топтары ұрандарына қосыла алмаймын.
«Келе сала өткізетін сайлауда халық өзі әкімдері мен депутаттарын сайлап алатын болады» деген Мұқтардың да, «Кредиттік амнистия» деп ұрандаған Жанболат та «сағым қуғандар» қатарынан.
«жүз қырық бес ру ға» бөлінген қазаққа әкімі мен депутатын өздеріне сайлаттыратын болса, әр ру өз әкімі мен депутатын сайлап алып-қазақтың 1045 ке бөлінетін Мұқтардың білмегені қалай?
Сосын, ол түрмеден шыққанда оған сеніп тапсырылған халықтың 10 млрд АҚШ $-ы қайда? Ол түрмеге кеткенге дейін Ресей т б шет елдердегі бизнесіне салынған өз
ақшасы қайтқан жоқ.
Ал, «курорттан» келгеннен кейін қазақ халқына тиесілі ақшаны шетке шығарып, өз есебін түгендеп алған адам ол.
Ол ұрлаған 10 млрд $ Назарбаевтың ақшасы емес, ол уақытша иелік еткен халықтың ақшасы! Қазынаның кірісі мен шығысы туралы аздаған білімдерің болса, осыны ұғар едіңдер...
Жанболат-бұл жағынан таза адам!
Ал, ол ұрандап жүрген «кредиттік амнистия»ға қай банк келіседі, айтыңдаршы?
Кредитті үстеме пайызбен беріп, соған күнін көріп отыру-банктің негізгі мақсаты, табыс көзі емес пе?!
«ДПК»-ның «ДВК»ға противовес/альтернатива ретінде құрылғанын шынымен ұқпай жүрсіңдер ме?
Бүгінгі митингтер 200% биліктің қадағалауында өтті. Оны мойындаңдар!
Өйткені, билікке қойылған талаптар «орта жолдан» қойылып отыр.
Ең бірінші, қазына қаражаты кірісі мен шығысын ашық жария етілуін талап ету қажет.
Сосын барып пайызы төмен несие мен әлеуметтік аз қамтылғандарға көмек сұрау қажет. «Жұмыс орындары ашылсын!» деп сұрау керек!
Кәсіпорындарда маман жоқ. Оны оқытатын білікті оқытушы жоқ.
Мұнай саласында жұмыс істейтіндер айтатыны «Шетел адамына 5 млн, біз ге 500 мың ғана төлейді» дейді. Өйткені, маман емессің! Сені оқытуы керек ЖОО-дары былықтан бас көтере алмай отыр! «Жәйлаған жемқорлық жойылсын» деп сұрап жүрген бір адам жоқ.
Әй-шәй жоқ «кредитімізді кешіріңдер!» деген қандай талап ол?
Халық өз талабын билікке орындатуы үшін-әрбір адам білімді болуы қажет!
Кімнен нені қалай сұрау керектігін білмейінше-бәрі бекер!
Халықтың жартысын мешіттен молда басқарса, қалғаның жағымпаз болсаң-көрген күнің осы қазақ.
Ал, «өзің неге басқарып шықпайсың?» деп пікір жазатындарға алдын-ала жауап бере салайын.
Қоғамда бар проблеманы көтерсең пікір жазбақ түгілі, оқып алып лайк басуға ерінетіндердің тілінде көсем, қолдарында көсеу болғым келмейді!
Тортуыл Шоқанның Фейсбук парақшасынан