Пандемия аяқталған жоқ

1383

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: «Вирус әлем бойынша жойылғанға дейін, қауіп сақталады». Бұл туралы Ресейлік Reuters  сайты БҰҰ Женевада өткен брифингтегі  ДДҰ өкілінің сөйлеген сөзіне сүйене отырып мәлімдеді.

 Кейбір елдерде карантин шараларының жеңілдетілуіне байланысты коронавирусты  жұқтыру жағдайлары санының өсуі байқалады.  Сондықтан адамдар сақтық шараларын сақтауды әлі де  тоқтатпай, жалғастырулары тиіс,   деп хабарлады жұма күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ).

"Өсуге қатысты  айтатын болсақ  (жұқтыру  жағдайларының саны), иә, мұны біз бүкіл әлем елдерінен байқадық,  мен тек Еуропаны ғана  айтып отырған жоқпын. Карантин жеңілдетілген кезде,  әлеуметтік қашықтық шаралары әлсіреген кезде,  адамдар мұны кейде: " Жақсы, бәрі аяқталды "деп қабылдайды", - деді ДДҰ өкілі Маргарет Харрис Женевадағы БҰҰ-ның брифингінде.

"Ештеңе аяқталған жоқ. Вирус бүкіл әлемде толығымен  жойылғанға дейін ештеңе аяқталмайды", - деді  Маргарет Харрис.   Ол АҚШ-тағы наразылық акциясына қатысушыларды да  демонстрация  кезінде сақтық шараларын қолдануға шақырды.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы