Павлодар облысында жылдың басынан бастап алкогольді ішімдік ішкені және қоғамдық орындарға шыққаны үшін мас күйінде 3653 адам ұсталды. Бұл туралы Павлодар облыстық Полиция Департаменті хабарлады.
Мас күйінде ұсталған әр азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалды. Оларға 38 миллион теңгеден астам сомада әкімшілік айыппұлдар салынды.
Алкоголь өнімдерін сататын дүкендер аймақтағы жедел жағдайға да әсер етеді.
Ертіс полицейлері сауда орындарында алкогольді сату ережелерінің бұзылуына жол бермеу үшін шаралар қолданады.
Ағымдағы жылдың басынан бастап алкоголь өнімдерін сатқаны үшін заңмен тыйым салынған уақытта 132 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды.
Мысалы, Ледовской көшесіндегі дүкендердің бірінде сатушы сатып алушының жасына қызығушылық танытпай, 21 жасқа толмаған адамға "Балтика № 7" екі сырасын сатты. Жеке кәсіпкерге қатысты ҚР ӘҚБК 200-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Басқа жағдайда сатушы алкогольді 16 жасар жігітке сатқан. Сонымен бірге сатушы кәмелетке толмаған адамға осы «сусынды» сатуға тыйым салынғанын білді, бірақ онда пайда көру сезімі басым болды.
Енді сатушылардың әрекеттері үшін сотта дүкен иелері Заң алдында жауап береді.
"Адырна" ұлттық порталы