Серік Әбікенұлы "Жетісу" телеарнасынның басшысы болып тағайындалды

3866
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Серік Әбікенұлын облыстық "Жетісу" телеарнасының Бас директоры етіп тағайындады. 

Оқырмандарға белгілі журналист, ақын Жанарбек Әшімжанның жазбасын ұсынамыз.

Бүгін - белгілі тележурналист,білікті басшы,талантты жазушы,принципті Азамат Серік ӘБІКЕНҰЛЫ "Жетісу" телеарнасына облыс әкімі Амандық Баталовтың ұйғарымымен Бас директор болып тағайындалды.
Секең бұған дейін осы аймақтық арнада Бейсен Құранбектің (Арда туған Азамат Бейсекеңнің рухы шат болсын) орынбасары болып қызмет еткен. Секең мен белгілі тележурналист Досан Қызайбекұлы Бейсекеңе сенімді серік болып,өңірлік арнаны республикалық деңгейде беделін арттырған кәсіби мамандар. Күнгейде де,теріскейде де Бейсеннің жанынан табылып,қанаттасып ақ-адал қызмет етті. "31 арна","Алматы" секілді жетекші арналары және "Парасат" журналында басшылық қызмет атқарғаны баршаңызға мәлім.
Секең мен Досан бастаған ұжымға,сайдың тасындай іріктелген әріптестерімізге толайым табыстар тілеймін!
Ақпарат кеңістігінде кесек орны бар,халық ақыны Әбікен САРЫБАЙДЫҢ тұяғы,жас журналистерге ұстаз болып келе жатқан - Серік бауырымызға қызметі құтты һәм қайырлы болсын дейміз. Қатарларың сиремесін!
Дұрыс таңдау жасап,қолдаған Алматы облысының әкіміне Алла разы болсын!

Пікірлер