Д.Мәсімханұлы Шығыстану институтының директоры қызметіне тағайындалды

3578
Adyrna.kz Telegram

Филология ғылымдарының докторы, профессор, аудармашы,  ақын Дүкен Мәсімханұлы Шығыстану институтының директоры қызметіне  тағайындалды. Ол тәуелсіздіктің алғашқы жылдары қытайтану ғылымының негізін салған ғалымдардың бірі және Қытаймен арадағы саяси-әлеуметтік байланыстарға қатысты бар бірнеше мәселелер көтеріп, ұсыныстары қолдау тапқан.

Дүкен Мәсімханұлы Қытай Халық Республикасының Шыңжан өлкесіне қарасты Текес ауданының Шилөзек ауылында туған. 1987 жылы Бейжіңдегі Орталық ұлттар университетін аудармашы-филолог мамандығы бойынша тәмамдаған. 1993 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың арнайы шақыруымен атамекенге қоныс аударды. Кейінгі кезеңде Еуразия ұлттық университетінде жемісті еңбек етті. 2013 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алды.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздегі ең іргелі институтты  аса ірі ғалым,фарабитанушы, Қазақстанның бас мүфтиі қызметін атқарған  Әбсаттар қажы Дербісәлі басқарған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер