Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовқа үкім шықты

3712
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/05/bakauov-1.jpg
Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған үкім бүгін шықты. "Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігі 3-тармағы ("Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану") бойынша айыпты деп танылды. Соттың үкімімен ол 3,5 жылға бас бостандығынан шектелді, сондай-ақ, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды", - деді №2 соттың судьясы Нұрлан Қайырбеков.
Cот үкімімен экс-әкімге көңіл көтеру орындарына баруға тыйым салынды. Бұдан бөлек ол 100 сағат уақыт қоғамдық еңбек жұмысын жасауға міндеттелді.
Оған қоса Бақауов 10 мың долларды қайтаруға міндетті. .
Комментарии