Бауырлас халықтың ризашылығы

2947
Adyrna.kz Telegram

Алғыс хат Қазақстанның Шекара қызметіне Қырғыз Республикасының елшілігінен жолданған.

Қырғыз Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі  елшіліктің атынан және өз атынан қазақстандық шекарашыларға алғысын білдірген хат жолдады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Қырғыз Республикасының 541 азаматын эвакуациялау және отанына оралу мәселелерін шешуде жәрдем мен көмек көрсетті.

Пандемияға байланысты бауырлас халықтың азаматтары 16 наурыздан бастап Ресей Федерациясының Орынбор облысы, Соль-Илецк қаласында өз үйлеріне және отбасыларына орала алмады. Бүгін олар өз отандарына аман-есен жетті.

Шекарашылар мұны ерлік деп санамай, Отанымыздың шекарасын қорғауды жалғастыруда және қиын жағдайға тап болған барлық адамдарға көмек қолын созуға дайын.

Өзінің хатында Ж.Құлубаев Қазақстанның шекарашыларына кәсіби қызметтерінде табыстар тіледі.

*****

Шекарашылар іздеуде жүрген күдіктіні ұстады

2020 жылғы 18 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің шекара отряды қазақ-қырғыз шекарасы учаскесінде адам іздерін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында азамат К ұсталды.

Тергеу барысында ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген азаматтың жеке басы анықталды.

Ұсталған азамат қосымша тергеу үшін ішкі істер органдарына тапсырылды.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

Пікірлер