Ресей Жеңіс шеруін 24 маусымда өткізбек

2978
Adyrna.kz Telegram

Кремль Конституцияға өзгеріс енгізу мәселесін дауысқа салу мен Жеңіс шеруін бір күнде - 24 маусымда өткізуді көздейді. Бұл туралы РБК президент әкімшілігіне жақын төрт дереккөзге сілтеме жасап хабарлады деп жазады centralasian.org.

Жеңіс шеруін 24 маусымда өткізу жоспарда бар. Дәл осы күні 1945 жылы Ұлы Отан соғысындағы жеңіске орай әскери шеру өткен.

Президент әкімшілігіне жағындығы бар дереккөздердің пікірінше, маусым айына жоспарланған шеру коронавирус эпидемиясына байланысты жарияланған шектеулерден шаршаған халықтың еңсесін көтеруі керек. Бұған қоса, Кремль дәл осы күні конституциялық заңды дауысқа салуды көздеп отыр. 24 маусым биыл демалысқа сәйкес келеді.

Конституцияға өзгеріс енгізуді қарастыратын заңды дауысқа салуды президент Владимир Путин кейінге қалдырғанын 25 наурызда жариялаған. Ал сәуірдің ортасында Жеңіс шеруі кейін өтетіні мәлім болды. Сол кезде Путин бұл шаралардың нақты қай күні өтетінін айтпады.

19 мамырдағы мәлімет бойынша, Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 300 мыңға жуықтады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер