NASA ғалымдары: Уақыты кері жүретін параллель әлем бар

4396
Adyrna.kz Telegram

Антарктидада тәжірибе жасап жатқан NASA ғалымдарының тобы (ANITA) физика ережелері қарама-қайшы параллель ғаламның дәлелдерін анықтады. Бұл туралы Қамшы тілшісі Daily Star басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

– Параллель ғалам туралы түсінік 1960-шы жылдардың басынан бастап, негізінен ғылыми-телехикаялар мен комикстердің жанкүйерлерінің ойында болды, бірақ қазір ғарыштық сәулелерді анықтау эксперименті параллель әлемнен туындайтын бөлшектерді тапты,–деп хабарлайды Daily Star.

Аталған газет мәліметінше, Гавайи университетінің эксперименттік бөлшектер физигі Питер Горхам бас зерттеуші болған ANITA тобы барлаған бөлшектердің уақыты артқа қарай жүретіні болжануда.

Бұл феноменнің қарапайым түсіндірмесі: 13,8 миллиард жыл бұрын Үлкен жарылыс кезінде екі әлем пайда болды. Біреуі біздің әлем және біреуі біздің уақытқа кері бағытта жүретін әлем.

Пікірлер