Су беті оқыс оқиғадан аман

2845
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/05/keme.jpg
2020 жылғы І тоқсанда еліміздің теңіз порттарына кірген кемелерге 42 тексеру жүргізілді деп хабарлайды "Адырна" Көлік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2020 жылдың І тоқсанның қорытындысы бойынша су көлігінде бірде-бір көлік оқиғасы тіркелген жоқ. Көліктік бақылау органдары биылғы алғашқы үш айда Қазақстанның теңіз порттарына кірген теңіз кемелеріне 42 тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы бойынша 9 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 137 858 мың теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ, аумақтық көліктік бақылау инспекциялары ішкі су көлігі кемелерінің командалық құрамының 39 тұлғасына диплом берді. Бұл кезеңде ішкі су көлігі кемелерін, шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуді бақылау, сондай-ақ кеме қатынасы су жолдарын тексеру жүргізілген жоқ.  
Комментарии