"Екі өкпем де істемейді. Дәрігерлер жұмысы үшін түрлі сылтау айтуда" (фото)

882
Құрметті фейзбук оқырмандары, БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділері сіздерден көмек сұраймын.
Мені жазбасқа амал қалдырмады. Ашынғаннан сіздерден көмек сұрап отырмын.
Мен Хибадат Бакытгүл үш қызым бар. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылының тұрғынымын.
Қазіргі уақытта туберкулезбен учетта тұрамын. Екі жылдай уақыт болды Аллаға шүкір жақсымын, есімде, өте ауыр халде ауруханаға түстім. Диагнозым "Фибриозно-каверниозный туберкулез легких в фазе инфильтрации МТ-4 категория, ТБМЛУ тип рецидип, 1ст. Сопутствующий ДЗ; 2-х сторонний адгетивный отит. Смешанная тугохость 2 степени. "
Сегіз ай ауруханада, 1 ай санаторияда жатып шықтым. Жұмысқа жарамсыз деп таныды. Дәрігерім мүгедектікті рәсімдет деп, құжат жинатты. Жамбыл ауданындағы МСЭК-ке бардым. Бірінші рет сол кезде мүгедекті беруден бас тартты. Сөйтіп жүріп, мен бір жылда осы МСЭК-ке төрт рет барыппын. Олар да маған үзілді кесілді беруден бас тартты. Не бір сылтауларын айтып шығарып салып отырды. Рентген снимокты көріп отыр, тағы операция жасауға болмайды екен дейді де, операция жасалған жағдайда мүгедектік тағайындалады дейді. Бұл не сұмдық, екі өкпем бірдей фибриоз бола тұра неге маған мүгедектік берілмейтіні қынжылтады. Осы аралықта мен бармаған жерім қақпаған есігім қалмады. Алматы облыстық департаментке, министрлікке, Нұр Отанға хат жаздым. Бәрінің жауабы бір, айналып келгенде МСЭК шешеді. Жамбыл ауданының МСЭК қызметкерлері қайда барып, арыздансаңда өзің білесің, саған берілмейді дейді. Маған соңғы айтқандары, егер қол аяғың аузыңа жетпей, тамақ іше алмай, жағдайың қиындаса ғана мүгедектік береміз дейді. Құдай сақтасын, маған ол кезде бүйтіп алған ақшаның не керегі бар. Мендегі бір сұрақ, қаншама мен танитын, өкпелері менен жақсы адамдар басқа аудандардан алды. Неге мен? Дәрігерім де аң таң?
Менің жағдайымды Жамбыл ауданының әкімі де, орынбасары да басқа да қызметкерлері де, Нұр Отанда жақсы біледі. Үйге де келіп көрді, жағдайымның жоқ екенін... Айтқандары бәрін реттейміз, шешеміз, қарастырамыз, мүгедектікті де алып береміз деп құрғақ шөппен ауыз сүрткендей боп кетті. Арасында ауруханаға барған сайын тағы бір рет МСЭК-ке барсам ба деп қоям, ол ойымды түсінген ауруханадағы кейбір басшы сымақтар, тағы кімге хат жазасың, жазбай-ақ қойшы, осы қызметке отырғаныма бір-ақ ай болды деп түлкі бұлаңға салды ғой. Бұлай деулерінің себебі, бұл МСЭК мені жіберген терапевт дәрігерді,физиатр дәрігерді және ВКК басшысын штраф саламыз деп қорқытқан ғой. Міне осыдан кейін жылы орындарынан айырылып қаламызба деп мені жылы жауып қоя салды.
Әкімдік те, Нұр Отан да ешқандай көмек берген емес, карантин уакытында жағдайың қалай? не күн көріп жатсың? деп сұраған да емес. Өткенде қайдан келгені белгісіз, туберкулезбен ауыратындардың арасындағы жағдайы төмен адамдарға 5000т берді. Соған да шүкір дедім. Мен осы уақытқа дейін, пәтер жалдап тұрдым, қазір туыстарымның үйіндемін. Үлкен қызым менің денсаулығыма байланысты интернатта 1-класс оқиды. Бұл да мені қынжылтады. Емделу уақытым аз қалды, бәрі бітеді, жұмысқа шығам,ж ағдайымыз жақсарады, осы үкіметке қол жаймай ақ, сол мүгедектікті алмай ақ өмір сүремін деп жүр едім.Ол қуанышты да су сепкендей басты. Себеп, мен бір-екі апта бұрын қатты отдышка болып ауырып, терапевтке бардым. Дәрі бітуге аз қалды, Неге?Неге?Неге?деген сұрақтар маза бермеді. Сөйтсем дәрігерім ХОБЛ-ға учетқа аламыз дейді. Бір өкпе істегеннен, екінші өкпеге күш түсіп, отдышка пайда болған. Бұл да маған уайым болды.
Сөз соңында сіздерге талабым мүгедектікті әділ, заңды жолмен алуыма көмектессеңіздер.
Пікірлер
Редакция таңдауы