Айжан Есмағамбетова: Біздің қуанатындай жөніміз бар

3182
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/05/ajzhan-960x500.jpg?token=daf264345f5e63b1bb244f6cb6c3a3bb
Коронавирустан жазылған қазақстандықтардың саны 2000-нан асты. Мұны бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова онлайн-брифингте айтты. "Біздің қуанатындай жөніміз бар. Айыққан науқастардың саны күн санап артып келеді. Бүгінде аурудан айыққандардың саны 2000-ға жетті. Жалпы, бүгінгі күнді қосып алғанда, бұл көрсеткіш 2074 адамға жетті. Соңғы бірнеше күннен бері сауыққан адамдар саны тіркелген жағдайлардың санынан асып жатқанына назар аударғым келеді. Бұл - біз үшін өте жақсы көрсеткіш, бұл эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанын көрсетеді. Әрине, бұл - карантиндік шаралар мен төтенше жағдайдың нәтижесі, соның тиімділігінің дәлелі", - деді деді Есмағамбетова. Бас санитардың айтуынша, бүгін коронавирустан жазылған 115 адам ауруханадан шығарылады.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии