Судан зардап шеккен әр мақтааралдыққа 100 мың теңгеден беріледі

2698
Adyrna.kz Telegram

Мақтаарал ауданындағы судан зардап шеккен әр адамға 100 мың теңгеден беріледі. Оларды жаңа тұрғын үймен немесе жөнделген үймен қамтамасыз етеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жариялады.

«Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары жаңа немесе жөндеуден өткен баспанамен қамтамасыз етіледі. Олардың әрқайсысына республикалық бюджеттен 100 мың теңге беріледі. Жағдай бақылауда», - деді мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысының жазуынша, су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдалану мәселесі Өзбекстан тарапымен тығыз байланыста шешіледі.

 

Пікірлер