Асанәлі Әшімов 83 жасқа толды

4277
Adyrna.kz Telegram

Осыдан 83 жыл бұрын, яғни, 1937 жылы 8 мамырда қазақтың атақты актері, режиссер Асанәлі Әшімов дүниеге келді.

Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында туған. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны бітірген, драма театрының актері. Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының профессоры. Бірнеше кітаптың авторы.

1961 жылдан «Қазақфильм» киностудиясының және 1964 жылдан М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері болды. «Ботагөз», «Асау Ертіс жағасында», «Бір ауданда», «Ұшы-қиырсыз жол» «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», «Жаушы» және басқа да көптеген фильмдерге түскен. Театрда «Абай» спектаклінде Абай, «Еңлік-Кебекте» Кебек, «Қарақыпшақ Қобыландыда» Шуақ, «Қан мен терде» Еламан рөлдерін сомдады.

«Қарақыпшақ Қобыландыда» Шуақ, «Қан мен терде» Еламан рөлдерін сомдады. Н.Гогольдің «Ревизорын», Ғ.Мүсіреповтің «Амангелді», Н.Оранбаевтың «Мен ішпеген у бар ма?» Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» спектакльдерін сахналады. «Шоқан Уәлиханов», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмдерін түсірді.

«Отан» орденімен, М.В.Ломоносов атындағы, «Алтын қыран» ордендерімен марапатталған. КСРО және ҚР Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

 

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер