Ғарыш кеңістігінің жаңалықтары

3974
Adyrna.kz Telegram

Бүкіләлемдік авиация және космонавтика күніне арналған «Тұрақты даму мақсаттары аясындағы білім мен ғылым» атты IV халықаралық ғылыми онлайн семинары өтті.
Онлайн шараға БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің Қазақстан Республикасындағы өкілі Властимил Самек, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің саяси топ өкілдігінің басшысы Алмаш Аренова, Орбиталық және жер үсті ғарыш жүйелерінің қауіпсіздігі зертханалық қауіпсіздік кафедрасының басшысы, доцент Валентина Грищенко, ҚазҰУ-дің Журналистика факультеті, Баспа және электронды БАҚ кафедра басшысы, осы шараны ұйымдастырушы профессор Гүлмира Сұлтанбаева қатысты. Сондай-ақ, ҚазҰУ-дің Механика-математика факультеті, Механика кафедрасының басшысы, доцент Зауре Ракишева да семинардың өткізілуіне үлкен үлес қосты. ҚазҰУ студенттерімен бірге өткізілген семинарда ғарыштық технологиялар саласында мамандар даярлау мәселелері қаралды. Авиация және космонавтика дамуындағы жастардың рөлі тақырыбы да тыс қалмады.
Онлайн семинарда ғарыш әлемін жазудағы журналистика заңдылықтары мен журналистке қажет білім көздері туралы да айтылды.

Айжан Бүркітбаева,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты

kaznu.kz

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер