Рүстем Ашетаев: Тоқаев пен Мирзиеевке саяси қабілеттерін көрсететін алғашқы сын келді

1763

Су тасқыны  ешқандай да табиғи апат емес.
Өйткені,  су қоймасының бұзылуына табиғаттың (жер сілкіну, вулкан атқылау сияқты) ешқандай әсері болған жоқ. Бұл жерде апат адами фактордан болып тұр.

1) Суды мөлшерден тыс көп жинағаннан.
2) Сапасыз соғылған құрылыстан.
3) Проектілік қателіктер. Жердің тегістігі де, судың деңгейі де әртүрлі. Екі жағының тереңдіктерінің әртүрлі болуы, қабырғаға берілетін қысымдарда әртүрлі болуына апарады деген сөз. Оны спутниктік фотолардан байқау ешқандай қиындық туғызбайды. Мамандар су қоймасының әлемдік стандартқа сай емес және сапасыз дәрежеде салынғанын айтып отыр.

Сондықтан, бұл жерде Өзбекстан мемлекеті 100% кінәлі. Әрі, сумен біздерді көбірек қысып "рычак давления" жасаймын деген жоспарларын "асыра сілтеп" орындаймын деген амбицияларының жемісі.

Біреулер айтып бастап жатыр: "Ойбай! Біздер суға тәуелдіміз. Газға тәуелдіміз. Жібермей қойсаше? Артық жіберіп жіберсеше?!" дегендей әңгімелерін.
Екі жақтың делегаттары, жақында болуы мүмкін "Ортақ су көздерін пайдалану" шарттарын қайта қарау мақсатындағы, екі жақты келісімдерге "бес қаруын" асынып дайындалып жатқан болар.
Бұл жерде біздікілерге жалтақтайтын ештеңе жоқ. Сорлайтын шаруалар сорлап болды ендігі. (Биылдыққа суға деген мұқтаждық жоқ шығар.  Әрі бәрібір дихандар егілген өнімдерді өткізетін жер таппай отыр.)
Шекара, транзит салықтарының бағасын, "қажетті" деңгейге көтеріп қойса жеткілікті. Өзбегің де, қырғызың да, тәжігің де суды тегін беруге мәжбүр болады.
Өйткені, олар ағын суды бір жерден өндіріп жатқан жоқ. Тегін ағып келіп жатқан суларды жолдан бітеп, ауадан ақша жасағылары келді. Енді соның опығын өздері де, өзгелерге де тарттырып отыр.

Мен ешкімді айтақтап отырғаным жоқ. Бірақ, керек жерде мінезде көрсетіп қойған да дұрыс болады деп есептеймін. Өзбекстанмен арадағы  халықаралық нормаларды толық орындауды міндеттейтін келісімдерді шегелеп алатын уақыт келді. Сондықтан да алдағы болатын келісімдер – екі елдің президенттеріне саяси қабілеттерін көрсететін алғашқы сын болмақ.

Рүстем Ашетаев

"Байтақ болашақ" республикалық экологиялық алянсының

Шымкент қалалық төрағасы

Пікірлер