Төтенше жағдай режимін 24 шілдеге дейін ұзарту туралы видео желіде қызу талқылануда

23963
Adyrna.kz Telegram

«Хабар 24» телеарнасының сюжетінің үзіндісі Интернетте қатты  таралуда, онда төтенше жағдай 24 шілдеге дейін ұзартылады деп хабарлайды. Белгілі болғандай, видео кесілген. Толық оқиға Франциядағы төтенше жағдайдың ұзартылуы туралы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Франция парламенті коронавирустық індет аясында қабылдаған төтенше санитария туралы заң 24 наурызда күшіне енді. Бұл режим екі айға, яғни 24 мамырға дейін енгізілді. 28 сәуірде Франция премьер-министрі Эдуард Филипп 11 мамырдан кейін елді карантиннен шығару жоспарын ұсынып, бұл заңды ұзартуды ұсынды.

 11:35 минуттан бастап көріңіз

Қазақстанда 16 наурыздан бастап төтенше жағдай енгізілді. 27 сәуірде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзарту туралы жарлыққа қол қойды.

Пікірлер