Ресейдің үкімет басшысы коронавирус жұқтырған

3313
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің үкімет басшысы Михаил Мишустин коронавирус жұқтырып алды. Үкіметті басқару міндеті бірінші вице-премьер Андрей Белоусовқа жүктелді. Бұл туралы Мишустин бейсенбіде «Россия 24» телеарнасының эфирінде хабарлады, деп жазады centralasian.org.

Премьер-министр вирусты басқа адамдарға таратпас үшін ешкіммен уақытша араласпайтынын, бірақ үкімет мүшелерімен байланысын үзбейтінін мәлімдеді. Мишустин отандастарын елдегі шектеу шараларына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Ресейде бейсенбіде жеті мыңнан астам адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. 101 адам қайтыс болды. Пандемия басталғалы елде 106 498 адам коронавирус жұқтырған. 1073 адам көз жұмған, 11 619 адам аурудан жазылған.

Мәскеу қаласында коронавирустан ауырғандар көп – бір тәулікте астананың 3093 тұрғынына осындай диагноз қойылды.

Билік эпидемия мамыр айының басында күшеюі мүмкін деп болжайды. Ресей президенті Владимир Путин демалыс күндерін 11 мамырға дейін созды. Путин үкіметке шектеу шараларынан біртіндеп бас тарту жоспарын әзірлеуді үкіметке тапсырды.
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Пікірлер